Мәскеудің Измайлов аудандық сотының алқабилері Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидовты қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне кінәлі деп тапты. Бұл туралы қыздың анасы Жанна Ахметова әлеуметтік желіде хабарлады. Жанна Ахметованың хабарлауынша, алқабилер Муртузали Меджидовтың кінәсін дәлелдеп шыққан. Сот әлі үкім шығарған жоқ MK.ru мәліметінше, алқабиер бірауыздан Меджидовты кінәлі деп шешім шығарған.
Бұған дейін Жанна Ахметова Мәскеуде қайтыс болған Томирис Байсафаның ісіне қатысты тергеу аяқталғанын хабарлаған болатын.