Томирис Байсафаның өлімі: сот күдіктіге қатысты үкімнің күшін жойды
Томирис Байсафаның өлімі: сот күдіктіге қатысты үкімнің күшін жойды
Фото: kazlenta.kz

Мәскеу қалалық соты 2018 жылы сәуірде Томирис Байсафаны өлтірді деген күдікке ілінген Дағыстан премьер-министрінің бұрынғы орынбасарының ұлы Муртазали Мәжидовты ақтау туралы үкімнің күшін жойды.

Маусым айында Никулин аудандық сотының алқабилері Мәжидовты кінәсіз деп тапты. Істі қайтадан қарау үшін сот талқысына жолданады. Бұл туралы заңгер Шамиль Яндарбаев айтты.

«Муртазали Мәжидов ақталғанға дейін қамауда болды. Сот шешімі шыққан күні ол босатылды. Әзірге, бұлтартпау шарасын қайта тағайындау мәселесі шешілген жоқ», – деді ол.

Томирис Байсафа Мәскеуде университеттің 4-қабатынан белгісіз жағдайда құлап, жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Қыздың анасы Жанна Ахметова 2020 жылдың қазан айында Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша сұрады. Президент Томиристің өліміне қатысты істі өз бақылауына алды. 2021 жылдың маусымында алқабилер Мәжидовты көпшілік дауыспен ақтап шықты. Ол сот залында босатылды.

Бұған дейін Томирис Байсафаның өлімінің себебін жазған болатынбыз.