Алматыда жолаушылар троллейбусы өртенді
Алматыда жолаушылар троллейбусы өртенді
730
оқылды
Алматыда жолаушылар троллейбусы өртенді. Әлуметтік желіде өртеніп жатқан троллейбустың видеосы тарады. «АлматыЭлектроТранс» ЖШС-ның мәліметінше, жүргізушіден №12-ші троллейбустың өртенгені туралы хабарлама сағат 14.55-те түскен.
«Көліктің төбесі жанды (төменвольтты зарядтау құрылғысы). Жүргізуші өрт сөндірушілер келгенше, өртті өзі сөндіріп үлгерді. Кейін троллейбусты паркке сүйреп әкетті. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады компанияда.