Аптап ыстық, өрт қаупі сақталады: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Аптап ыстық, өрт қаупі сақталады: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: qazaly.kz
363
оқылды
Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

25 маусымда Қызылорда облысында оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 25 маусымда күндіз 42-44 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

25 маусымда Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарда найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде 17-22 м/с. Күндіз 39 градус қатты ыстық сақталады. Қонаев қаласында 25 маусымда күндіз 37 градус ыстық сақталады. 25 маусымда Жетісу облысында таулы аудандарында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, таулы аудандарында 17-22 м/с. Күндіз 38 градус қатты ыстық сақталады. Талдықорған қаласында 25 маусымда күндіз 36 градус ыстық сақталады.

25 маусымда түнде Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Көкшетау қ: таңертең және күндіз 25 маусымда найзағай күтіледі.

25 маусымда Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында 35-37 градус қатты ыстық сақталады.

Күндіз 25 маусым Атырау облысының шығысында және батысында, орталығында 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. г. Атырау: күндіз 25 маусымда 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Нұр-Сұлтан қ.: күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

25 маусымда күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-батыстан облыстың батысында, солтүстігінде жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ: 25 маусымда күндіз қатты 36-38 градус ыстық күтіледі.

Күндіз 25 маусымда Маңғыстау облысының басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық күтіледі.

Күндіз 25 маусымда Шығыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Күндіз 25 маусымда Абай облысының шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

25 маусымда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 39 градус қатты ыстық күтіледі. Қостанай қ: 25 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.