Таэквондошының табысы
Таэквондошының табысы
352
оқылды
Қазақстандық таэквондошы Рита Бакишева Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды. Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында 24 маусым күні бастал­ған аламанды Бакишева екінші айналымнан бастады. 46 келінің өкілі кувейттік қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, жартылай финалға шықты. Өкінішке қарай, бұл кезеңде ол таиландтық қарсыласынан айласын асыра алған жоқ. Дегенмен жүлдегерлер қатарына ілікті. Ал біріншіліктің алғашқы күнінде жарыс жолына шыққан өзге таэквондошы­лары­мыз медальдан тыс қалды. Әзірет Дүйсенбек (54 келі) бірінші кезде­суін жеңгенімен, екінші айна­лымда иорданиялық таэквондо­шыға жол берді. Фариза Алдан­гор­ова (53 келі) мен Камила Ай­мұқашева (57 келі) алғашқы жекпе-жекте жеңіліс тапты. Естеріңізге сала кетейік, сары құрлық біріншілігіне Қазақ­станнан 12 спортшы аттанған.

Кербез ЕСІМХАН