Оқу-ағарту министрі әлеуметтік желідегі парақшасына білім беруде дәлелдер мен зерттеулерге негізделген шешімдер қабылдау өте маңызды екенін жазды. Сонымен қатар білім беру жүйесін реформалаудағы Жапонияның 30 жылға жуық тәжірибесінен көп мағлұмат алуға болатынын айтқан.
"Әсіресе екі дүние ерекше әсер қалдырды: 1. Үкіметтің қоғамның үлкен қысымына және PİSA зерттеуінің бірнеше цикліндегі ел көрсеткіштерінің төмендеуіне қарамастан, басталған реформаларды жалғастыру және қоғамның белгілі бір бөлігінің талаптарына бағыну арқылы популизмге жол бермеу көзқарасы. 2. Мектеп реформасын жүзеге асыруға қоғам мен сарапшыларды кеңінен тарту. Реформа 20 ғасыр индустриясынан 21 ғасыр экономикасына өту қажеттілігіне байланысты 1984 жылы басталды. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарында экономикасы бойынша екінші орын алған Жапония үкіметі экономикалық реформаларды бастауға шешім қабылдап, ол үшін басты назарға білім беру жүйесін реформалау міндеті алынады. Бұл реформа тек мектеп бағдарламаларын ғана емес, сонымен бірге білім беруді басқару жүйесін, бағалауды, ұлттық тестілеуді, педагогтердің біліктілігін арттыруды, қаржыландыруды, ЖОО-ға түсу емтихандарын және т.б. жүйелерді де қамтыды. Егер мәлімет қызық болса, толығырақ сілтемеден оқи аласыз. Жапонияның және басқа елдердің тәжірибесі білім беру саласындағы реформалар азаматтардың көп бөлігін қамтитын, сондай-ақ жүйелі, үздіксіз көзқарасты қажет ететін өте ұзақ процесс екенін көрсетеді", – деп жазды Асхат Қанатұлы.