Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Instagram-дағы оқырмандарының сұрағына жауап берді.
Олардың бірі аралас жекпе-жекке ауысу туралы сұрақ қойған. Боксшы ауысқысы келетінін жасырмады.
"Бағымды сынап көргім келеді. Көрейік, уақыт көрсетеді", – деді ол.
Айта кетейік, 28 жастағы Назым Қызайбай бокстан екі дүркін әлем чемпионы (2014, 2016), сондай-ақ Азия чемпионатының алтынын (2021) жеңіп алған.