Қытайда 3,7 миллионнан астам адам су тасқынынан зардап шекті
Қытайда 3,7 миллионнан астам адам су тасқынынан зардап шекті
1,187
оқылды
Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданының 3,7 миллионнан астам тұрғыны нөсер жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан зардап шекті, – деп хабарлады ҚазАқпараттың сол жақтағы меншікті тілшісі. Нөсер мен су тасқыны 3,4 мыңнан астам тұрғын үйді қиратып, 159,3 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптарына зиян келтірген. Апат салдарынан келген тікелей экономикалық шығын 12,48 миллиард юаньнан (1,86 миллиард доллар) асты. Жергілікті ауа райын болжау қызметінің хабарлауынша, биылғы су тасқыны кезінде Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында алты есе көп жаңбыр жауған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе көп. Синоптиктердің болжауынша, Гуанси-Чжуан ауданында қатты жауын мен тайфундар болады. Толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқыны Қытайдың оңтүстігіндегі басқа аймақтарға да әсер етті. Провинцияның негізгі су жолдарының бірі Бэйцзян өзенінің деңгейі 100 жылдық рекордқа жетті.