Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 5-7 жылға сотталды. World Business Consulting қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Бұл қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар азаматтарға еншілес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаражат салуды ұсынған. Бұл компаниялар сыйақыны алуға кепілдік берген. 2018-2021 жылдары WBC қаржы пирамидасына жалпы сомасы 5,8 млрд теңге тартылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жалпы сомасы 4,1 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді. Сот үкімімен қаржы пирамидасының жетекшілері кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6, 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Тағы бес ұйымдастырушыға халықаралық іздеу жарияланды.