Алматыда кафе өртенді
Алматыда кафе өртенді
Фото: ТЖД-нен алынды
544
оқылды
Алматыда кафеден өрт шықты. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Алатау ауданы Ақбұлақ шағынауданы  Бәйтереков 13 мекенжайында екі қабатты «Терраса» кафесі отқа оранды. Өрт сөндірушілер жанып жатқан жерден 50 литрлік 3 газ баллонды эвакуациялады. Өртті сөндіруге 23 техника мен жеке құрамнан 55 адам жұмылдырылды.