Банк қосымшасы арқылы пәтердегі тұрғындарды тіркеуден шығаруға болады

Банк қосымшасы арқылы пәтердегі тұрғындарды тіркеуден шығаруға болады

Қазақстанда банк қосымшасына пәтердегі тұрғындарды тіркеуден шығару қызметі енгізіліп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, – деп жазады inform.kz. «Баспанада тіркелген адам санын Halyk Homebank қосымшасы арқылы тексеруге болады. Енді сол қосымшада пәтердегі тұрғындарды тіркеуден шығару мүмкіндігі де қарастырылады. Жаңа функция «Тіркеуден шығару» бөлімінде іске қосылады», – деді Шұғыла Тұрлыбек. Бұған дейін кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін жаңа мобильді қосымша іске қосылғанын хабарлаған болатынбыз.