Шымкентте көлікте газ баллоны жарылды: 4 бала зардап шекті
Шымкентте көлікте газ баллоны жарылды: 4 бала зардап шекті
© inform.kz
660
оқылды
Шымкентте шіліңгір ыстықтан оқыс оқиға тіркелді, – деп хабарлайды «Хабар 24».
Тұрғын үй ауласында көліктің жүк салғышында газ баллоны жарылды. Салдарынан алты адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың төртеуі бала. Дәрігерлер бәріне алғашқы жәрдем көрсетіп, үйіне қайтарды. Төтенше жағдай департаменті мамандарының болжамынша, күн сәулесінен көліктің жүк салғышы қызып кеткен. Қазір мегаполисте термометр көрсеткіші 45 градустан асып тұр. https://www.youtube.com/watch?v=9I-ICwWtt5U