Шымкентте мектеп директоры мен шенеуніктер мыңдаған оқушыны тіркеп, бюджеттен 123 миллион теңге алған
Шымкентте мектеп директоры мен шенеуніктер мыңдаған оқушыны тіркеп, бюджеттен 123 миллион теңге алған
Шымкентте жекеменшік мектеп ашқан директор жан басына қаржыландыру бағдарламасы арқылы жалған есеп жүргізіп, бюжет қаржысын қалтаға басқан, – деп хабарлайды «Хабар 24». 2019-2020 оқу жылында мыңдаған оқушыны тіркеп, жеңіл жолмен ақша тапқысы келгендердің қатарында Білім басқармасының екі қызметкері бар. Олардың бірі өз ісіне салғырттық танытса, екіншісі жемқорлыққа жол бергені үшін 3 жылға сотталды. Ал жекеменшік мектептің құрылтайшысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Әл-Фараби аудандық соты мемлекет қазынасына 123 миллион теңге шығын келгенін айтады. Еркебұлан Төлешов, әл-Фараби аудандық сотының төрағасы: – Айкөзов Білім басқармасының бас маманы бола тұра, Дүйсенқызынан 2 миллион теңге пара алған. Оқымаған оқушыларға оқыды деп қол қойған. Ал Білім басқармасы басшысының орынбасары Текебаеваға үкім Қылмыстық кодекстің 371-бабы (салғырттық)  бойынша шықты.