Доллар бағамы 9 теңгеге арзандады
Доллар бағамы 9 теңгеге арзандады
498
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің долларға қатысты бағамы арзандады. 
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 24 маусым кешімен салыстырғанда 9,23 теңгеге төмендеп, 1 доллар 460, 95 теңге болды. Ұлттық банктің 27 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 470 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде  доллардың сату бағамы 458 теңге, сатып алу – 463 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 457 теңгеден болса, сатып алу құны – 460 теңге.