Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді

Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді
Фото: inform.kz

Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы Үкімет қаулысы шықты.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңы мен Үкіметтің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес, «Қостанай» халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді» делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Ахмет Байтұрсынұлы мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетінін жазған болатынбыз.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.