Қаржы министрі қазақстандықтардың зейнет жасын төмендетуге қатысты мәлімдеме жасады
Қаржы министрі қазақстандықтардың зейнет жасын төмендетуге қатысты мәлімдеме жасады
© ratel.kz
13,736
оқылды
Қаржы министрлігі қазақстандықтардың зейнет жасын төмендетуді қарастырып жатқан жоқ, - деп мәлімдеді ведомство басшысы Ерұлан Жамаубаев.
"Мәселе көтеріледі, алайда нақты талқыланған жоқ. Үкіметте талқыланған жоқ. Заң бар, біз оның талаптарын орындап отырмыз.  Жыл сайын 2,2 трлн теңгеден астам қаражат бөлінеді. Кез келген өзгеріс терең есептеуді, нақты талқылауды қажет етеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен ұсыныстар түскен жоқ", – деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысынан кейін.
Министрдің айтуынша, зейнетақы жүйесіндегі кез келген өзгеріс триллиондаған шығынды талап етеді. Бәрі заңды сақтауы тиіс. Заң әйелдердің зейнет жасын біртіндеп арттыруды көздейді.
"Аллаға шүкір, біздің ұлтымыз жас. Еңбек министрлігінде көп жақсы бағдарлама бар, соның ішінде  "Күміс жас" бағдарламасын атап айтуға болады. Бұл бағдарламаларға қаражат бөлінеді. Сондықтан әзірге қолданыстағы бағдарламалар бойынша жұмыс істеп, қолданыстағы заңмен өмір сүріп жатырмыз", – деп аяқтады сөзін министр.