Ақсу шатқалында суға батып кеткен үндістандық студенттер бес күннен бері табылмай жатыр

Ақсу шатқалында суға батып кеткен үндістандық студенттер бес күннен бері табылмай жатыр

Түркістан облысына қарасты Ақсу шатқалында суға батып кеткен үндістандық студенттердің денесі бес күннен бері табылмай жатыр. Оtyrar.kz порталының хабарлауынша, іздеу жұмыстарына түрлі ведомствоның жүзге жуық қызметкері жұмылдырылған. 29 маусымда жаяу 5 шақырым, еурокоптермен 20 шақырым жер сүзілген. Қаза тапқан студенттердің бірінің Қырғызстанда оқитын досының айтуынша, іздеу жұмыстарының ұзаққа созылып кеткеніне бәрі, оның ішінде марқұмдардың ата-аналары да алаңдап отырған көрінеді.

«Бәріміз алаңдап отырмыз. Досымның ата-анасы өзін қоярға жер таба алар емес. Олар жақын уақытта келіп қалуы тиіс, бірақ әлі нақты ақпарат ала алмай отырғандықтан, бәрі уайымдап отыр», – дейді Шивамо есімді жігіт.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от @turkistan_tjd