Жамбыл облысында құрылғы жөндеп жатқан «Қазфосфаттың» екі жұмысшысы қаза тапты
Жамбыл облысында құрылғы жөндеп жатқан «Қазфосфаттың» екі жұмысшысы қаза тапты
Фото: yandex.kz
Жамбыл облысында екі жұмысшы фосфор ұнтақтайтын қондырғыны жөндеп жатқанда құрылғы іске қосылып кеткен. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасы хабарлады. Оқиға кеше кешкісін «Қазфосфат» серіктестігінің Сарысу ауданындағы бөлімшесінде болған. Аудандағы «Қаратау кен өндіру» комбинатындағы фосфор ұнтақтайтын құрылғыны жөндеу кезінде ол кенеттен іске қосылады. Ішінде 5 жұмысшы болған екен. 1987 және 1994 жылы туған екі жұмысшы оқиға орнында қаза тапты. Олар дәнекерлеуші және слесарь болып жұмыс істеген. Ал өзге 3 адам түрлі жарақат алған. Қазір  аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.