Елордалық оқушылар «Жасыл мектеп» жылыжайларында көкөніс егіп, оны өздері тұтынады
Елордалық оқушылар «Жасыл мектеп»  жылыжайларында көкөніс егіп, оны өздері тұтынады
954
оқылды
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Жасыл мектеп» жобасының таныстырылымы өтті. Жоба аясында жалпы білім беретін астаналық 20 мектепте жыл бойы жұмыс істейтін жылыжайлар салынады. Эко білім беруді дамытуға бағытталған жобаны Болат Өтемұратов қоры қаржыландырады. Мұндай игі бастамаға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі де өз қолдауын көрсетті.   Бүгін алғашқы жылыжай Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында ашылды. Осындай тағы 19 жылыжайдың құрылысы елорданың басқа мектептерінде жүріп жатыр. Барлық жылыжай мырышталған болатты каркастан жасалып, жүздік поликарбонатпен қапталады. Ылғалдың деңгейін бірқалыпта ұстау үшін автоматты тамшылатып суару жүйесі қолданылады. Жылуды ұстап тұру үшін инфрақызыл жылытқыштар қойылады. Ал қыста үй батареялары принципі бойынша жұмыс істейтін, атыздар бойымен орнатылған энергия үнемдейтін су жылыту жүйесі іске қосылады. Жылуды қосып-өшіру термореттегіш пен температураны өлшеу датчиктерінің көмегімен автоматты түрде жұмыс істейді. жасыл мектеп Жылыжайдың ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысты. Ол өзге қонақтармен бірге лента қию рәсіміне қатысып, оқушылармен көшет отырғызды. [caption id="attachment_203895" align="alignnone" width="1200"]жасыл мектеп Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары  Есет Байкен[/caption]
«Біз үшін бұл – болашақ ұрпақты еңбекқор әрі экологиялық сауатты етіп тәрбиелейтін маңызды әлеуметтік және экологиялық бірлескен жоба.   Елорда әкімшілігі атынан Болат Өтемұратов қорына және 20 мектептегі  жылыжай құрылысына  атсалысушыларға алғысымызды білдіреміз», –  деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары  Есет Байкен.
жасыл мектеп Шараға арнайы келген қонақтар қатарында Мектепке дейінгі тәрбие және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова да болды. Ол жобаның маңызына тоқталып, жаңа бастамаға сәттілік тіледі.
«Жасыл мектеп» жобасы – бұл жыл бойы жұмыс істейтін жоба. Ол оқушылардың экологиялық проблемаларды түсініп, еңбекқор болып өсуіне зор әсерін тигізеріне сенімдімін. Әр бала өсімдіктің қалай өсетінін, оған қандай күтім керек екенін көріп, біледі. Сондықтан бұл келешекте пайдасын тигізетін білім болары анық», –  деп атап өтті  Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова.
Ал Болат Өтемұратов қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман жоба жайлы қысқаша ақпарат беріп, алдағы жоспарлар жайлы айтты. Сондай-ақ оқушыларға жылыжай жұмыстарын жүргізуде сәттілік тіледі. жасыл мектеп
 «Болат Өтемұратов қоры жылыжай салу және үш жыл бойы бағдарламаны дамыту бойынша барлық шығынды өз мойнына алады. Бұл жоба Жасыл экономикаға бағытталған. Сондықтан біз қазақстандықтардың жас буынға экологиялық білім мен тәрбие беруге көңіл аударып отырмыз. Олардың жылыжайда өсімдіктерді өсіру бойынша тәжірибесі болғаны саланың дамуына оң әсерін тигізеді. Ал 2023 жылы осындай жылыжайларды Шымкентте салуды жоспарлап отырмыз», – деді Болат Өтемұратов қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман.
жасыл мектеп Болат Өтемұратов қоры және іс-шараға шақырылған сарапшылар жылыжай құрылысынан бөлек, мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне арнайы әдістемелік құралдар әзірледі. Сондай-ақ жылыжай қызметі тәжірибелі агрономдармен бірлесе отырып жүргізілуін қамтамасыз ететінін жеткізді. Бұған дейін осындай жылыжайлар Алматы мектептерінде салынып,  бүгінде табысты жұмыс істеп жатыр. Мысалы, былтыр алматылық оқушылар жылжайлардан жалпы салмағы 1,26 тонна өнім жинаған. Ал елордалық оқушылар «Жасыл мектеп» жұмысына жаңа оқу жылынан бастап кіріседі.