Шымкент қаласы Еңбекші ауданы тұрғындарының өтініші бойынша жол мәселесі оң шешімін тапты
Шымкент қаласы Еңбекші ауданы тұрғындарының өтініші бойынша жол мәселесі оң шешімін тапты
625
оқылды
Шымкент қалалық  партия филиалына 3 маусым күні  Еңбекші ауданының тұрғыны  Ұлбибі Альжанова Боралдай көшесінің жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрап, өтініш білдірген. Қалалық партия өкілдері мәселемен танысып, бірден орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп, көшеге асфальт төселді. Ұлбибі Серікбайқызы Бадам-2 тұрғын алабында орналасқан Боралдай көшесінің  тұрғындары атынан келіп, көше жолдарын жөндеуден өткізуді сұраған. шымкент «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық  Еңбекші аудандық филиалының төрағасы  Досбол Есілбек  тұрғындардың өтінішімен толық танысып, бірден мәселені шешуге кіріскен. Артынша Еңбекші ауданының әкімі Досбол Күздікбайұлы және қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының  ықпалымен «АлемТрансЖол» ЖШС тарапынан жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осылайша, Бадам-2 тұрғын алабының Боралдай көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт қабаты төселді. Тұрғындар партия қызметкерлері өтіншке бейқам қарамай, мәселені жедел шешкені үшін алғыс білдірді.