Алматыда саябақта баланы ток соқты
Алматыда саябақта баланы ток соқты
386
оқылды
Алматыда саябақта достарымен ойнап жүріп қоршауға өрмелеген баланы ток соқты.
«Токқа түсіп қалған 2014 жылы туған А. есімді бала жедел жәрдем бригадасымен орталық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оқушыға алғашқы көмек көрсетіп, бірден күйік бөліміне жатқызды. Жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта. Протокол бойынша ем алып жатыр», - делінген хабарламада.
Белгілі болғанындай, оқыс оқиға Алатау ауданында болған. Сегіз жасар бала жабдықталмаған саябақта достарымен ойнап жүріп қоршауға өрмелеген кезде ток соққан. Алатау ауданының әкімдігіндегілер ойын алаңқайын салу мәселесі бойынша жұмыс істеліп жатқанын мәлім етті.