2 шілдеде қатты ыстық сақталады
2 шілдеде қатты ыстық сақталады
290
оқылды
Синоптиктер 2 шілдеге арналған Қазақстанның ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Синоптиктер мәліметінше, батыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша найзағай ойнайды, батыста бұршақ жауып, дауыл тұрады, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, түнде және таңертең Қазақстанның солтүстігінде тұман түседі.
Күндіз Алматы, Жетісу облыстарының солтүстігінде қатты ыстық сақталады. Қызылорданың басым бөлігінде, Алматының солтүстігінде, Абай облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.