Қазақ файтері "Бопай" нокаутқа түсіп қалды

Қазақ файтері "Бопай" нокаутқа түсіп қалды

"Бопай" есімімен белгілі қазақ файтері Зәмзәгүл Файзолланова Professional Fighters League (PFL) лигасында қатарынан екінші рет жеңіліс тапты, – деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

"Атлантадағы (Джорджия, АҚШ) жекпе-жекте Файзолланова чехиялық Мартина Йиндровамен (5-2) кездесіп, нокаутқа түсіп қалды. Ол осыған дейін аталмыш лигада бразилиялық Ларисса Пачекоға есе жіберген еді", – деп жазды ақпарат көзі.