Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлем

Голливудтағы Оңтүстік Корея дүбірі

«Айқын» ақпарат
Ақпан 11, 2020
Әлем, Жаңалықтар, Мәдениет
Голливудтағы  Оңтүстік Корея дүбірі
576
қаралым

Оңтүстіккореялықтар Голливудтың алтын ас­қа­рын бағындырды. Олар «Долби» сахнасына бір емес, төрт рет көтерілді. Сондай-ақ Брэд Питт ак­тер ретіндегі алғашқы Оскарын алды. Мұндай бақыт Рене Зеллвегер мен Лора Дернге де бұйыр­ды. Ал На­тали Портман болса, «қарсылық» көйлегін киіп барды.

Иә, «Паразиттер» күллі әлем­ді таңдандырды. Сэм Мендестің көзін бақырайтып тұрып, Пон Чжун Хо өзіне тиесілі жүлдені алып кетті. Оңтүстіккореялық режиссер түсірген фильм «Үздік фильм» аталымында топ жарды. Мұнымен  «Үздік режиссерлік жұмыстың» тағдыры шешілді. Біразы «1917»-ні таспалаған Сэм Мендес үздік режиссер болуы керек десті. Алайда Оскар тарихында тұңғыш рет шетелдік фильм бәйге алғанда, тақым қысқан режиссер кәдесіз қалсын ба? Сэм Мендес, жоқ, Пон Чжун Хо деп әлем даурыққанда кейбірі аталым бойынша үміткерлер тізіміне күмәнмен қарапты. Соның ішінде әйгілі актриса Натали Портман де бар.

Ол Оскар салтанатына Dior ұсынған әдемі көйлекті өзінше әрлеп келіпті. Жеңімпаздардың біріне жүлдесін табыстаған Портман көйлегімен Голливуд­тағы біраз жайдан хабар бер­ген­­дей. Биыл «Үздік режис­сер­лік жұмыс» аталымына кір­­­мей қалған барлық әйел ре­жиссерді жамылғысының оң жағына алтынмен кестелеп шы­ғыпты. Есім­дердің арасында «Кіш­кен­­тай әйелдер» фильмінің ре­­жиссері Грета Гервиг те бар. Ал оның сүйіктісі Ноа Баум­бах болса, «Неке оқиғасы» фи­ль­мі­мен Оскарға дәмелілер тізі­мі­н­е енді. Осылайша, Ната­ли Гол­ливудтағы гендерлік сая­­сат­ты қайта қарау керегін нұс­қады.

Хабиб Нурмагомедов «Оскарды» алғысы келетінін айтты

«Оскар» сыйлығына үміткерлер белгілі болды

Ақпаннан бастап кинотеатрлар жабылуы мүмкін

Бүгін Оңтүстік Кореяда – той. Олар бір емес, бақандай 4 аталымда топ жарды. Орталық Азияның кино қоймасында Голливудтың менмін деген фильмін тықсыратын өнім барын көрсетті. «Паразиттер» үздік фильм мен режиссерден бөлек, «Үздік тұпнұсқа сцена­рий» мен «Шет тіліндегі үздік фильм» атағына ие болды. Белгілі киносыншылар коме­дия, триллер мен драманы топ­тастырған туындыға «Пон Чжун Хо жанрындағы» фильм деп баға бер­ді. Сөйтіп, Пон Чжун Хо ки­но әлемінде субжанр ашып қана қоймай, елінің мерейін асырды.

Ал Хоакин Феникс «Үздік ак­тер» атанып, «Джокерді» ше­гіне жеткізіп орындағанын тағы бір рет дәлелдеді. Актердің коллекциясы тағы бір құнды жүлдемен толықты. Бізге Брид­жит Джонс рөлімен жақсы та­ныс Рене Зеллвегерге «Джуди» филь­міндегі рөлі үшін Оскар бұйырды.

10 ақпан күні өткен кеште Брэд Питт шын қуанды, білем. Өйткені ол актер ретінде алғаш рет Оскар алды. «Бір күні… Голливудта» Тарантиноға табыс әкелмесе де, Питтке майдай жақты.  Бұдан бұрын Брэд бұл жүлдені продюсерлік еңбегі үшін алған. Ал «Неке оқиғасында» Нора Фэншоу рөлін сомдаған Лора Дерн  «Екінші пландағы үздік актриса» атанды.

Киноакадемия мүшелері «Үз­дік адаптацияланған сце­на­рийге» «Қоян Джоджо»  филь­мін лайық көріпті. Көпке ұна­ған «Ойыншықтар оқиғасы 4» «Үздік анимациялық фильм» атағына ие болды.  Стивен Бог­нар мен Джулия Райхерт ре­жис­серлік еткен «Америкалық фаб­рика»  «Үздік деректі фильм» атанды.

«1917» бәрібір жүлдесіз қал­­мады. Роджер Дикинсті фи­льм үшін «Үздік оператор» жүлдесімен марапаттады. «Үз­дік визуалды эффектілер» ата­лы­мын­да да «1917» үздік шықты.  «Джокерге» саундтрек жазған Хильдур Гуднадоуттирге «Үздік композитор» ретінде Оскар берді. Ал «Рокетмен» фильмінде шырқалған Love Me Again әні «Үздік ән» деп танылды.  «Үздік монтажға» келсек, әрине, ол – «Форд Феррариге қарсы» фильміне тиесілі. «Үздік дыбыс монтажы» да «Форд Феррариге қарсы» фильміне бұйырыпты.

«Үздік макияж бен шаш үлгісі»  «Сенсацияға», «Үздік қысқаметражды анимациялық фильм» «Бұйрабас махаббат» картинасына берілсе, «Әскери аймақта қыз баланың скейт теуіп үйренуі» «Үздік қысқа­мет­раж­ды деректі фильм» деп бағаланды. Ал «Үздік қыс­қа­метражды көркем фильм» ата­лы­мын «Көршінің терезесі»   алды. «Үздік қоюшы-суретші жұ­мысы» үшін «Бір күні – Гол­ливудта», «Үздік костюмдері» үшін «Кішкене әйелдер» Оскармен марапатталды.

 

Айбике ЖАНАСЫЛ

 
Тегтер: ГолливудОңтүстік КореяОскарПон Чжун Хо
Алдыңғы жаңалық

«Еріктілер орталығы» ашылды

Келесі жаңалық

Бахрейнде құлдықтан құтқарылған 21 қазақстандық қыз елге қайтарылады

Ұқсас жаңалықтар

Швейцария
Жаңалықтар

АҚШ-та бір тәулікте 2,9 миллион вакцина салынды

Наурыз 7, 2021
Тоқаев
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл мұғаліміне алғыс айтып, хат жазды

Наурыз 7, 2021
шымкент
Жаңалықтар

Шымкенттік кәсіпкерлерге айыппұл салынды

Наурыз 7, 2021
дәрігер
Жаңалықтар

Дәрігер ұйықтар алдында айран ішкеннен гөрі ет жеуді ұсынды

Наурыз 7, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-та бір тәулікте 2,9 миллион вакцина салынды

Наурыз 7, 16:34

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл мұғаліміне алғыс айтып, хат жазды

Наурыз 7, 16:03

Шымкенттік кәсіпкерлерге айыппұл салынды

Наурыз 7, 15:26

Дәрігер ұйықтар алдында айран ішкеннен гөрі ет жеуді ұсынды

Наурыз 7, 15:01

Ақтауда ер адам тіс емханасын тонап кеткен

Наурыз 7, 14:33

Қазақстандық танымал әнші жол апатына түсті

Наурыз 7, 13:58

Қазақстанның кей аумақтарында жолдар ашылды

Наурыз 7, 13:28
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Швейцария

АҚШ-та бір тәулікте 2,9 миллион вакцина салынды

Наурыз 7, 2021
Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл мұғаліміне алғыс айтып, хат жазды

Наурыз 7, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»