Голливудтағы Оңтүстік Корея дүбірі
Голливудтағы  Оңтүстік Корея дүбірі
469
оқылды
Оңтүстіккореялықтар Голливудтың алтын ас­қа­рын бағындырды. Олар «Долби» сахнасына бір емес, төрт рет көтерілді. Сондай-ақ Брэд Питт ак­тер ретіндегі алғашқы Оскарын алды. Мұндай бақыт Рене Зеллвегер мен Лора Дернге де бұйыр­ды. Ал На­тали Портман болса, «қарсылық» көйлегін киіп барды. Иә, «Паразиттер» күллі әлем­ді таңдандырды. Сэм Мендестің көзін бақырайтып тұрып, Пон Чжун Хо өзіне тиесілі жүлдені алып кетті. Оңтүстіккореялық режиссер түсірген фильм «Үздік фильм» аталымында топ жарды. Мұнымен  «Үздік режиссерлік жұмыстың» тағдыры шешілді. Біразы «1917»-ні таспалаған Сэм Мендес үздік режиссер болуы керек десті. Алайда Оскар тарихында тұңғыш рет шетелдік фильм бәйге алғанда, тақым қысқан режиссер кәдесіз қалсын ба? Сэм Мендес, жоқ, Пон Чжун Хо деп әлем даурыққанда кейбірі аталым бойынша үміткерлер тізіміне күмәнмен қарапты. Соның ішінде әйгілі актриса Натали Портман де бар. Ол Оскар салтанатына Dior ұсынған әдемі көйлекті өзінше әрлеп келіпті. Жеңімпаздардың біріне жүлдесін табыстаған Портман көйлегімен Голливуд­тағы біраз жайдан хабар бер­ген­­дей. Биыл «Үздік режис­сер­лік жұмыс» аталымына кір­­­мей қалған барлық әйел ре­жиссерді жамылғысының оң жағына алтынмен кестелеп шы­ғыпты. Есім­дердің арасында «Кіш­кен­­тай әйелдер» фильмінің ре­­жиссері Грета Гервиг те бар. Ал оның сүйіктісі Ноа Баум­бах болса, «Неке оқиғасы» фи­ль­мі­мен Оскарға дәмелілер тізі­мі­н­е енді. Осылайша, Ната­ли Гол­ливудтағы гендерлік сая­­сат­ты қайта қарау керегін нұс­қады.  width= Бүгін Оңтүстік Кореяда – той. Олар бір емес, бақандай 4 аталымда топ жарды. Орталық Азияның кино қоймасында Голливудтың менмін деген фильмін тықсыратын өнім барын көрсетті. «Паразиттер» үздік фильм мен режиссерден бөлек, «Үздік тұпнұсқа сцена­рий» мен «Шет тіліндегі үздік фильм» атағына ие болды. Белгілі киносыншылар коме­дия, триллер мен драманы топ­тастырған туындыға «Пон Чжун Хо жанрындағы» фильм деп баға бер­ді. Сөйтіп, Пон Чжун Хо ки­но әлемінде субжанр ашып қана қоймай, елінің мерейін асырды. Ал Хоакин Феникс «Үздік ак­тер» атанып, «Джокерді» ше­гіне жеткізіп орындағанын тағы бір рет дәлелдеді. Актердің коллекциясы тағы бір құнды жүлдемен толықты. Бізге Брид­жит Джонс рөлімен жақсы та­ныс Рене Зеллвегерге «Джуди» филь­міндегі рөлі үшін Оскар бұйырды. 10 ақпан күні өткен кеште Брэд Питт шын қуанды, білем. Өйткені ол актер ретінде алғаш рет Оскар алды. «Бір күні... Голливудта» Тарантиноға табыс әкелмесе де, Питтке майдай жақты.  Бұдан бұрын Брэд бұл жүлдені продюсерлік еңбегі үшін алған. Ал «Неке оқиғасында» Нора Фэншоу рөлін сомдаған Лора Дерн  «Екінші пландағы үздік актриса» атанды.  width= Киноакадемия мүшелері «Үз­дік адаптацияланған сце­на­рийге» «Қоян Джоджо»  филь­мін лайық көріпті. Көпке ұна­ған «Ойыншықтар оқиғасы 4» «Үздік анимациялық фильм» атағына ие болды.  Стивен Бог­нар мен Джулия Райхерт ре­жис­серлік еткен «Америкалық фаб­рика»  «Үздік деректі фильм» атанды. «1917» бәрібір жүлдесіз қал­­мады. Роджер Дикинсті фи­льм үшін «Үздік оператор» жүлдесімен марапаттады. «Үз­дік визуалды эффектілер» ата­лы­мын­да да «1917» үздік шықты.  «Джокерге» саундтрек жазған Хильдур Гуднадоуттирге «Үздік композитор» ретінде Оскар берді. Ал «Рокетмен» фильмінде шырқалған Love Me Again әні «Үздік ән» деп танылды.  «Үздік монтажға» келсек, әрине, ол – «Форд Феррариге қарсы» фильміне тиесілі. «Үздік дыбыс монтажы» да «Форд Феррариге қарсы» фильміне бұйырыпты. «Үздік макияж бен шаш үлгісі»  «Сенсацияға», «Үздік қысқаметражды анимациялық фильм» «Бұйрабас махаббат» картинасына берілсе, «Әскери аймақта қыз баланың скейт теуіп үйренуі» «Үздік қысқа­мет­раж­ды деректі фильм» деп бағаланды. Ал «Үздік қыс­қа­метражды көркем фильм» ата­лы­мын «Көршінің терезесі»   алды. «Үздік қоюшы-суретші жұ­мысы» үшін «Бір күні – Гол­ливудта», «Үздік костюмдері» үшін «Кішкене әйелдер» Оскармен марапатталды.   Айбике ЖАНАСЫЛ