Алматыда түнде құрылыс базарынан өрт шықты
Алматыда түнде құрылыс базарынан өрт шықты
Бүгін түнгі сағат үште Алатау ауданындағы «Бақорда» базарының аумағында өрт шықты. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, түнгі 03:10 шамасында өрт сөндіру бригадасы «Бақорда» базары аумағында орналасқан құрылыс заттарын сататын сауда орнына жоғары ранг бойынша шықты.
"Оқиға орнында дереу жедел штаб құрылып, өз жұмысына кірісті, тиімділігі жоғары оқпандар тартылып, өртке қарсы автопойызы іске қосылды, үйінділерді талқандап, жалынды оқшаулау үшін құтқару қызметінің ауыр шынжыр табанды техникасы тартылды. Өртті сөндіруге 21 техника мен жеке құрамнан 64 адам жұмылдырылды", – деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.
Қызыл жалын бір сағат ішінде оқшауланып, жалпы ауданы 2 мың шаршы метрді шарпыған өрт таңғы 06:35-те толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге 21 бірлік техника мен жеке құрамнан 64 адам жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.