Жайық су бермей үркітті
Жайық су бермей үркітті
186
оқылды
Атыраулықтар дүйсенбі күні үйде бар сумен ғана жуынып, шайынуға  мәжбүр болды. Оған се­беп Жайық суы қатып, қала тұрғындары сусыз қалды. Ауа райы туралы мәлімет беруші мамандардың ай­туын­ша, Жайық өзенінің ақ­пан­да еріп, қайта мұз болып қа­тып қалуы 30 жылдан соң қайталанып отыр. Бұл қала­дағы жеке үйлермен қатар,  көпқабатты үйлердің де сусыз қалуына ықпал еткен. Ақпан айындағы ауа ра­йы­­ның күрт жылып, Жа­йық өзенінің мұзы еріп, бір түнде қайта қатып қа­луы сал­дарынан өзен суы ұсақ мұзға толып, су сор­ғы стан­са­сының су сору қысы­мын төмендетіп жіберген. Со­ның салдарынан қала бойын­ша су беру уақытша тоқтатылған. Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабар­ла­уын­ша, қалада судың бол­мауы­ның тағы бір себебі бұл қатты желдің әсерінен өзен деңгейінің төмендеуі болып отыр. Таңертеңгілік жуынуға үйдегі суды сарқып, бір шыны шай ішпеген атыраулықтар түске қарай берілген судың рақа­тын көріп, түскі шайды бап­тап ішуге асық болып отыр.   Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы