Биыл да құрбандықты онлайн шалуға болады – видео

Биыл да құрбандықты онлайн шалуға болады – видео

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы qurban2022.kz сайты істеп тұрғанын хабарлады. Онлайн құрбан шаламын дейтіндер болса, qurban2022.kz сайты арқылы сойылатын малды таңдап, қаражатты аударады. Қой-ешкіні жеке бір адам, ал ірі қараны 7 адам бірігіп құрбандыққа шалса болады. Құрбандық шалынған соң оның есеп-қисабы тапсырыс беруші көрсеткен WhatsApp нөміріне жіберіледі. Қазақстанда онлайн құрбандық шалу пандемия өршіп тұрғанда қолға алынған бастама еді. Коронавирустың таралуын тоқтату үшін құрбандық шаламын деген адамдардың ниет, тілегін ескеріп, баршаға қолайлы платформа жасалған болатын.     https://youtu.be/hrYWDINzen4