Қарағандыда өрт сөндірушілер тұтанған ірі өртті сөндіре алмай жатыр
Қарағандыда өрт сөндірушілер тұтанған ірі өртті  сөндіре алмай жатыр
472
оқылды
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 4 шілдеде сағат 12.02-де  Қарағанды қаласындағы Осевая көшесі маңында «Қарағанды шаруашылығы бойынша орман және жануарлар дүниесін қорғау" КММ аумағында шөп пен ағаштар тұтанған.
«Өртті жоюға ТЖД мен орман шаруашылығының күштерінен 66 адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылды. Алайда қатты жел салдарынан өртті сөндіру қиынға соғып жатыр», –  делінген ТЖД хабарламасында.
Айта кетсек, екі күн бұрын, 2 шілдеде осы орман алқабында өрт тіркелген болатын. Жалпы,  өрт 3 гектар аумақты  құрады. Өрттің шығу себебі оттың ашық көзі болды (сіріңке, темекі және т. б.). Қарағанды облысының ТЖД аймақ тұрғындары мен қонақтарын отпен аса мұқият болуға шақырады.
«Сөндірілмеген сіріңке, темекі, шыны сынықтарын және т.б. лақтырмаңыздар. Алауды тек жабдықталған орындарда ғана жағуға болады. Сондай-ақ отты сөндірмей қалдыруға болмайды. Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз», –  делінген хабарламада.