Алакөлде бірнеше демалыс орны өртеніп жатыр – видео
Алакөлде бірнеше демалыс орны өртеніп жатыр – видео
Фото: видеодан скриншот
1,475
оқылды
Кеше 23 сағат 20 минутта Үржар ауданындағы Алакөл көліндегі демалыс базасында өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Қатты соққан желден демалыс базасы мен көршілес база әп-сәтте отқа оранды. Өрт шарпыған аумақ – шамамен 1000-нан аса  шаршы метр. Сондай-ақ құрғақ шөп қоса жанып жатыр. Өрт сөндіруге ШҚО ТЖД  жеке құрамынан 10 адам және 3 бірлік техника, жергілікті атқарушы билік пен тұрғындар да көмектесіп жатыр. Күштер мен құралдар бойынша жалпы ақпарат анықталуда. Демалушылар өздігінен демалыс базасындағы үйлерден қайтып жатыр. https://youtu.be/v3MvGVT-P28 Полиция жеке құрамы жақын маңдағы базаларды қоршауға алды. Өрт орнына ШҚО ТЖД-дан қосымша 22 қызметкер мен 6 бірлік техника  Ұлттық парктен 4 адам мен 1 техника бара жатыр.