Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президентке Орталық референдум комиссиясы қызметінің қорытындылары туралы есеп берді. Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының сайлау жүйесін жетілдіруге қатысты қазіргі атқарып жатқан жұмысы мен Қазақстанның сайлау органдарын кәсіби тұрғыдан күшейту әдістері жөнінде баяндады.