Мен атаққа лайық емеспін - Сәуле Әбілдаханқызы
Мен атаққа лайық емеспін - Сәуле Әбілдаханқызы
Белгілі журналист, көпшілікке "Ақжүніс" бағдарламасы арқылы танылған Сәуле Әбілдаханқызы әлеуметтік желіде мемлекеттен ешқандай марапат алмағанын айтты. 
"Апай, сізді неге ешқандай атақ, марапатқа ұсынбайды, сіз лайықсыз ғой...", деп сауал қойды оған оқырмандарының бірі. "Лайық емеспін. Менің географиям да, биографиям да, руым да, мінезім де, еңбегім де лайық емес... Атақты керек еткен адамдарға береді... Атақсыз өмір сүрген әлдеқайда рахат!.. Өзіме осы өмірім ұнайды, атақ-даңқсыз "пыросты" Сәуле ұнайды!." деп жазды журналист.