Шетелге 304 мың доллар әкетпек болған адам ұсталды
Шетелге 304 мың доллар әкетпек болған адам ұсталды
908
оқылды
Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» шекара пунктінде 304 мың АҚШ долларын заңсыз әкетпек болған шетелдік азамат ұсталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
«27 маусымда Ақтөбе облысы бойынша Шекара қызметі департаменті «Жайсаң» (автомобиль) өткізу пунктінде тексеру іс-шараларын жүргізу кезінде ақшалай қаражатты шетелге заңсыз әкету әрекетін анықтады. 304 000 АҚШ долларын автомобильдің жүк салғышындағы қосалқы доңғалақтың астына жасыруға тырысқан шетелдік азамат ұсталды. Материалдар Экономикалық тергеу департаментіне берілді», - делінген Комитет ақпаратында.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 жарлығына сәйкес, Ұлттық банк әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынған.