Қазақ мектебінің білімі артты
Қазақ мектебінің білімі артты
335
оқылды
Қазақ және орыс тілінде оқитын білім алушылардың арасындағы алшақтық 21 балға қысқарды.
«Қала мен ауыл оқушылары арасында оқу сауаттылығындағы алшақтық 22 балға қысқарған. 2018 жылы бұл көрсеткіш 37 бал­ды құраса, 2021 жылдың зерттеу нәтижесіне сәйкес 15 балл бол­ды. Бұл алшақтық ауыл мектеп­тері­нің оң динамикасы негізінде болды. Оқыту тілі бо­йын­ша, яғни қазақ және орыс тілінде оқитын білім алушы­лар­дың арасындағы алшақтық 21 балға қысқарды. Бұл жерде де алшақ­тық қазақ тілінде оқитын оқу­шылардың анағұрлым оң ди­намикасы нәтижесінде қысқар­ды», – деді «Ақпараттық-сарап­тама­лық орталық» АҚ басқарма төрағасы Мағжан Аманғазы.
2021 жылы жүргізілген PISA халықаралық зерттеуінің алғаш­қы нәтижесі жарияланды. Зерт­теу­ге елімізден 200 мектеп пен кол­ледж қатысқан. Зерттеу қо­ры­тын­дысы бойынша 64 жеке және 45 топтық есеп дайын­далады.
«PISA-2018-бен салыстыр­ғанда барлық үш бағыт бойынша оң динамиканы байқап отырмыз. Функционалдық сауаттылығы төмен білім алушылардың да үлесі қысқарды. Қала мен ауыл оқушы­лары арасындағы оқу тілі тұрғысы­нан алшақтықтың қыс­қар­ғанын атап өткен жөн», – деді ол.

Б.МАРАТ