Бұған дейін Алматы қаласында «AMANAT» партиясы жанындағы Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасының өсуі туралы пікірталас өткен болатын. Осыдан кейін партия жанындағы республикалық және өңірлік кеңес мүшелері ӘМАТ бағаларына жеке мониторинг жүргізу үшін халықпен Magnum Cash&Carry супермаркетінде кездесу өткізді. Іс-шараға Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Ерболат Қасымов және Magnum Cash&Carry басқарма төрағасы Марат Османов қатысты. Сауда орнында халықпен бейресми кездескен депутаттардың айтуынша, бағаның көтерілуіне көптеген фактор әсер етіп отыр. Соның ішінде басқа елдердегі инфляция, минералды тыңайтқыштардың қымбаттауы сияқты негізгі себептері белгілі. Соған қарамастан, елімізде қабылданған «Айналымдық несиелер» бағдарламасы бағаны ұстап тұрудың тиімді шарасы көрінеді. Бүгінде бұл мақсатқа 81 млрд теңге бөлініп отыр. Оның 11 миллиарды Алматыға тиесілі. Бұл қаржының негізгі бөлігін Magnum сауда желісі алып отыр. Сауда кәсіпорындарына мемлекет 0,01 пайызбен несиелік қаржы береді. Бұл олардың тауардың қажетті көлемін сатып алуы және оның бағасын ұстап тұруы үшін жасалады, бұл нақты шартта қарастырылған. Қалалық әкімдік пен сауда желісі арасында қол қойылған құжатта 19 түрлі азық-түлік түрі қамтылған. Атап айтар болсақ, сорпа жиынтығы, картоп, қырыққабат, жұмыртқа, сиыр және тауық еті, қант және бірқатар жарма өнімі бар. Депутаттар кірген дүкенде барлық 19 түрлі тауар сөреден табылды. Ал бағалар келісімшарттағыдай. Бірақ дүкен әкімшілігі депутаттардан ескерту де естіді. Халық қалаулылары тізімдегі әрбір өнімде бұл өнімнің әлеуметтік екенін және бағасы айтарлықтай арзан екенін көрсететін арнайы таңбалары барын, алайда бұл белгі кішкентай және анық емес екенін айтып ескерту жасады.
«Көп азамат бұл бағдарлама туралы білмейді де екен. Біз мұны тұтынушылардан арзанырақ сатып алуға болатын осындай бағдарлама мен өнімдер туралы сауалнама жүргізгенімізде анықтадық», – деді А.Жамалов.Ал әкімдік пен сауда желілері арасындағы келісімде көрсетілген талаптардың сақталуына келсек, олар қатаң бақылауға алынған. Бірақ Аманжан Жамалов атап өткендей, сауда желілері, тіпті әкімшіліктің өзі түрлі қатаң бақылауға ұшырауда. Бұл кейбір ірі сауда желілерінің аталған бағдарламаға қатысудан қашқақтауына әкеп соқтырады.
«Сондықтан да болар, көптеген сауда желісі бұл бағдарламаға қатысқысы келмейді. Олар негізінен бағаны ұстап тұруға қарсы емес, жай ғана өздері шектен тыс тексерулер мен бақылауды қаламайды», – деп атап өтті мәжілісмен.Жұмыс сапарын қорытындылаған депутаттар бағаны ұстап тұру бойынша кешенді жұмысты әлі де жалғастыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ олар қазіргі уақытта «ТойМарт», «Асыл ет», «Милихан», «Солнечный» сүт зауыты сияқты еліміздің басқа да сауда желілері мен өндірушілерін «Айналымдық несиелер» бағдарламасына тарту қарастырылып жатқанын жеткізді.
Алматы қаласы