Балабақшадағы оқиға: 3 жасар сәбидің бұғанағы сынған
Балабақшадағы оқиға: 3 жасар сәбидің бұғанағы сынған
©tengrinews.kz
Қостанайдағы балабақшада болған оқиға видеоға түсіп қалған. Бұл жайында "ТоболИнфо" хабарлады. Қостанайдағы №61 балабақшада тәрбиеші абайсызда 3 жасар баланың бұғанағын сындырып алған. Бейнежазбада баланың екі орындықты қосып алып, тізірлеп, айналып отырған . Оның бұл қылығын көрген тәрбиеші баланы дұрыстамақ болып, бір орындықта тартып қалған. Сол кезде бала жерге құлап, жылай бастаған. Тәрбиеші бірден сәбиді көтеріп, жұбатпақ болған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ИнфоАгентство «ТоболИнфо» (@tobol_info)

Қазір зардап шеккен бала емделіп жатыр. Ал тәрбиеші еңбек демалысына кетіп қалған. Балабақша басшылығы бұл мәселеге мән бермеген. "Ол жақсы тәрбиеші, басқа ештеңе айта алмаймыз", – дейді директор орынбасары Ботагөз Омар. Баланы ата-анасы полицияға арыз жазған. Алайда олар 141-бап бойынша қылмыс құрамын көрмегенін мәлімдеген.