Тоқаевтың барлық зейнеткерлерге 55 мың теңге төлеу туралы Жарлыққа қол қойғаны туралы хабарлама тарады

Тоқаевтың барлық зейнеткерлерге 55 мың теңге төлеу туралы Жарлыққа қол қойғаны туралы хабарлама тарады

Желіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық зейнеткерлерге 55 мың теңге төлеу туралы Жарлыққа қол қойғаны туралы хабарлама таралып жатыр. Бұл жалған, - деп хабарлады stopfake.kz Төлемдер туралы мәтінде осы жылдың 1 мамырынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің мөлшері өскендігі, соның салдарынан зейнетақы 55 мың теңгеге дейін көтерілетіні жазылған. Бұл бұрмаланған ақпарат. Айлық есептік көрсеткіш мөлшері Қазақстанда биыл 1 сәуірде артты. Осыған байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 20 191 теңгені, ал ең төменгі зейнетақы мөлшері – 48 038 теңгені құрады. (https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/mrp-i-projitochnyiy-minimum-vyirosli-v-kazahstane-468522/) Содан бері бұл көрсеткіштер өзгерген жоқ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың АЕК-ті ұлғайту туралы жаңа жарлыққа қол қойғаны туралы ақпарат ҚР Президентінің ресми сайтында жоқ. (https://www.akorda.kz/ru) Сондай-ақ бұл туралы ақпарат ресми БАҚ-та да жарияланбаған. Зейнеткерлерге 55 мың теңге төлеу туралы жаңалықтар  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында да жоқ.  Демек, тараған ақпарат – жалған.