Атырауда жоғалған зейнеткерді тікұшақпен іздеп жатыр – видео
Атырауда жоғалған зейнеткерді тікұшақпен іздеп жатыр – видео
Фото: twitter.com

Атырау облысында биыл 28 қаңтарда үйінен шығып кеткен зейнеткер табылмай жатыр.

65 жастағы қария Махамбет ауданы Бейбарыс ауылында 28 қаңтарда кешкі сағат 19:30 шамасында үйінен шығып кеткен.    width= Оны тіпті сүңгуірлер Жайық өзенінен де іздеді. Ер адамды іздеуге көкпаршылар да атсалысты.
«Қария Бейбарыс ауылындағы үйінен 28 қаңтарда белгісіз бағытқа шығып кеткен. Оны кешеден бері тікұшақпен де іздеп жатыр. Тікұшақпен Сарайшық және Бейбарыс елдімекендерінің маңынан 50 шақырым радиуста, Жайық өзенінің бойымен әуеден барлау жүргізілді. Іздестіруге төтенше жағдайлар департаментінен 4 қызметкер, «Қазәуеқұтқару» АҚ-тың МИ-8 тікұшағының 3 адамдық экипажы мен туыстарынан 3 адам қатысты», – деді департамент өкілі.
 

Батыс Қазақстанда 70 сарбаз жабылып іздеген бала аман-есен табылғаны туралы жазған болатынбыз.