Түркістан облысында тірі сиырды Audi көлігімен ұрлап бара жатқан ұры ұсталды
Түркістан облысында тірі сиырды Audi көлігімен ұрлап бара жатқан ұры ұсталды
Фото: polisia.kz
560
оқылды
Оқиға Түркістан облысы Созақ ауданында болған. Полиция «Мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған жоспарлы бағдарлама» бойынша рейд өткізген, – деп жазады Polisia.kz.
Полицейлердің қырағылығының арқасында ұры мал ұрлап бара жатқан сәтте қолға түсті. Рейдке шыққан полицейлер сағат 03:00 шамасында күдік тудырған Audi-100 көлігін тексеру үшін тоқтатты. Алайда көлік жүргізушісі заң талабына бағынбай, ізін жасыру мақсатында қашпақ болған. Полицейлер дер кезінде автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында көліктің артқы орындығынан сиыр табылды. Сиырды ұрлағаны белгілі болды. Мал иесіне қайтарылды. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.