Жантүршігерлік жол апаты: Жамбыл облысында 10 көлік соқтығысты
Жантүршігерлік жол апаты: Жамбыл облысында 10 көлік соқтығысты
1,461
оқылды
Батыс Еуропа-Батыс Қытай автожолының 544-шақырымында Тараз қаласы бағытында келе жатқан «Скания» жүк көлігінің тіркемесі өздігінен өртеніп кетті.
«Артынша, сағат 03.40 кезінде жанып жатқан тіркемеге 550-600 метр жетпей, DAF жүк көлігі жолда бір бағытта тоқтап тұрған 10 көлікті қағып кетті. Оның ішінде екі жолаушылар автобусы, екі «Тойота Камри», «Ауди 100», «Шевроле Кобальт», «Даймлер Крайслер», BMW X5, «Тойота Альфард», «Audi 80» жеңіл көліктері болды. Соқтығысудан кейін 4 автокөлік өртенді. Салдарынан «Тойота Камри» автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, 9 адам түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жеткізілді, оның ішінде 3 адам реанимация бөліміне жатқызылды», – дейді ведомство өкілі. Аталған дерек бойынша ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған, қажетті сараптамалар тағайындалған.
Осы оқиғаға байланысты Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы 12 адамның зардап шеккенін хабарлады. Оның 2-уі жолда өтіп бара жатқан автокөлікпен Жуалы аудандық ауруханасына, 10-ы Тараз қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілген.