Алматыда жасөспірім жас қызды педофилден құтқарып қалды

Алматыда жасөспірім жас қызды педофилден құтқарып қалды

Абай-Сайн көшелерінің қиылысында автобустардың бірінде 13 жастағы оқушы қыз қасында тұрған жасөспірімнен көмек сұраған. Жас қыз өзіне 50 жас шамасындағы ер адамның қолын қайта-қайта тигізіп тұрғанын айтқан. Жасөспірім бала қылығы күдік тудырған ер адамға жақындап, оны келесі аялдамадан автобустан мәжбүрлеп түсіріп алған. Көмек сұраған қыз бала да олармен бірге түскен. Педофилді күшпен ұстап тұрған жеткіншек оны жақын маңдағы ауладағы қоршалған футбол алаңына апарған. Сол жерде өзге жеткіншектермен бірлесіп күдіктіні қоршауға қамап қойған. Артынан полиция бөліміне телефон соғып, оқиға туралы хабарлаған. Оқиға орнына қыздың анасы да жетті. Біраз уақыттан кейін полиция қызметкерлері келді. Олар балалардан мән-жайды анықтап алған соң ер адамды бөлімшеге алып кеткен. Полицияның мәліметінше, әрекеті күдік тудырған ер адам осыған дейін де дәл осындай қылмысқа ұқсас әрекеттері үшін сотталғаны анықталған.