Талғарда өзенге құлап қаза тапқан альпинистің денесі табылды
Талғарда өзенге құлап қаза тапқан альпинистің денесі табылды
Фото: tengrinews.kz
787
оқылды
Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға кешкі сағат 19.30 шамасында болған.
«6 шілдеде сағат 21:40-та Талғар ауданындағы Талғар өзенінде (Орта Талғар және Оң Талғар өзендерінің қосылған тұсы), ағаш көпірден өтіп бара жатып (арқан сүйеніштер, ұзындығы 8 м., ені 30 см.), 1982 жылғы әйел тепе-теңдігін жоғалтып, өзенге құлап кеткені және оны ағыс алып кеткені туралы хабарлама келіп түсті», - делінген ТЖД хабарламасында.
Іздестіру жұмыстарын Алматы облысының ТЖД қызметкерлері, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, полиция қызметкерлері, Алматы Мемлекеттік табиғи қорығының, Іле-Алатау МҰТП қызметкерлері және еріктілер жүргізген.
«7 шілде күні сағат 12.15-те Талғар өзенінде, құлаған жерден 10 шақырым жерде жоғалып кеткен әйелдің денесі табылып, судан шығарылды», - делінген хабарламада.