Испанияның солтүстігінде археологтер Еуропадағы ежелгі адамның сүйегін тапты, – деп хабарлайды «Хабар 24».
Археологтердің пайымдауынша, ол 1 миллион 400 жыл бұрын өмір сүрген. Болжам бойынша, бұл Еуропаға қоныстанған ең алғашқы топтардың мүшесі болуы мүмкін. Мамандар сүйекті зерттеу үшін бір жылдай уақыт қажет екенін айтады.