Қазақстан тумасы UFC турниріндегі басты жекпе-жекте экс-чемпионды нокаутқа түсірді
Қазақстан тумасы UFC турниріндегі басты жекпе-жекте экс-чемпионды нокаутқа түсірді
587
оқылды
АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында UFC Apex аренасында UFC on ESPN 39 турнирінің басты жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды sports.kz. Жекпе-жекте Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев (11-1) пен бразилиялық файтер Рафаэль дос Аньос (31-13) жұдырықтасты. Бес раундқа жоспарланған жеңіл салмақтағы жекпе-жек уақытынан ерте аяқталды. Физиев соңғы бес минутта қарсыласын нокаутпен жеңді. Айта кетейік, осылайша Физиев UFC ұйымындағы жеңіс сериясын алты кездесуге дейін жеткізді. Оның еншісінде бір жеңіліс бар. Дос Аньостың болса екі жеңістен тұратын сериясы аяқталды.