Алматыда қолына қару ұстаған ер адам видеоға түсіп қалды
Алматыда қолына қару ұстаған ер адам видеоға түсіп қалды
Фото: newtimes.kz
375
оқылды
Алматыда Дарабоз ықшамауданында қарумен атыс шығарған ер адам қолға түсті. Алматы қаласының Полиция  департаменті өкілдерінің мәліметінше, сағат 22.00 шамасында 102 пультіне Алматыдағы  Алатау ауданының тұрғын үй секторында жүрген қарулы ер адам туралы хабарлама келіп түскен.
"Азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында патрульдік полиция күшімен тұрғын үй қоршалды. Арнайы бөлімше қызметкерлері күдіктіні ұстады. Бұл М. есімді азамат, 1985 жылы туған, осы шағынауданның тұрғыны. Бұл ер адам өз атына тіркелген тегіс ұңғылы аңшылық мылтықпен қаруланған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Ер адам әйелімен жанжалдасқаннан кейін осындай әрекетке барғанын айтып, түсіндірді. Ер адамның іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
https://www.youtube.com/shorts/vv4bqV2DWSw?feature=share