11 шілдеге арналған ауа райы болжамы

11 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Фото: yandex.kz

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін ауа райы құбылмалы болады.

Оңтүстік циклонның әсерінен жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Тек қана батыс пен оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында, Атырау облысының шығысында, солтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық болжанады.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.