Атырауда тұрғын үй кешені толығымен өртеніп кетті
Атырауда тұрғын үй кешені толығымен өртеніп кетті
Фото: Видеодан скриншот
374
оқылды
Өртенген үйден 21 адам, оның ішінде 13 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тұрғын үй толығымен өртеніп кетті. «Гауһартас» тұрғын үй кешенінде тұтанған өрт 1 200 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнына алғашқы өрт сөндірушілер шұғыл жеткен. Жалпы ауданы 1 200 шаршы метр екі қабатты үйдің шатыры мен екінші қабаты толығымен өртеніп жатқанын анықтады. Өртті сөндіруге 97 адам мен 25 техника жұмылдырылды. Куәгерлердің айтуынша, пәтерлердің бірінде ұзартқыш электр құрылғыда қысқа тұйықталып, тұрмыстық заттар мен жиһаз өртенген. Өрт сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.