Алматының қонақүйлерінің бірінде төрт бала химиялық заттан уланып қалды

Алматының қонақүйлерінің бірінде төрт бала химиялық заттан уланып қалды

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы балалардың жағдайы жөнінде хабарлады. 

«11 шілде күні химиялық уланумен төрт бала Балаларға шұғыл медициналық жәрдем орталығына жеткізілді. Олар БШМЖО-ның токсикология бөлімінде ем алуда. Жағдайлары орташа дәрежеде», - деп хабарлады ҚДСБ баспасөз қызметі.
Бұған дейін канал суына ағып кеткен баланы құтқармақ болып өздері суға кеткен құтқарушылардың видеосына ТЖМ түсініктеме бергенін жазған болатынбыз.