Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы пирамидасын жарнамалағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздейтін құжатқа қол қойды, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Президент «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Құжат қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық жасағандарға жауапкершілікті күшейтуді, сондай-ақ азаматтарды қаржы пирамидасына тартуға әкеп соққан ақпаратты (жарнаманы) қылмыстық жауапкершілік аясында заңмен реттеуді көздейді. Заң жобасымен қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Түзетулерді енгізу:
қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды құрғаны және оларға басшылық еткені үшін жазаны қатаңдату;
қаржылық (инвестициялық) пирамиданың ақпаратын жеке және тікелей таратқаны үшін, оның ішінде электронды ақпараттық ресурстар арқылы оған елеулі залал келтіре отырып, адамдарды тартуға әкеп соққан қылмыстық жауаптылықты енгізу;
қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды жарнамалау тергеулігін анықтауды көздейді.
1-бөлік бойынша іс-әрекет 2000 АЕК-ке (6 млн 126 мың теңге, 1 АЕК – 3 мың 63 теңге) дейін айыппұл салынуы немесе қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін. 4-бөлік бойынша күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.