Туған жерінің халқы толағай ұлын ұлықтап, ақбоз ат мінгізді
Туған жерінің халқы толағай ұлын ұлықтап, ақбоз ат мінгізді
618
оқылды
Бүгін «Қазақстан барысы турнирінің жеңімпазы Мақсат Исағабылов туған жері – Қармақшы ауданында болып, құрмет құшағына бөленді. Жерлестері батыр ұлын орталық алаңда сән-салтанатпен қарсы алды. Қармақшы ауданының әкімі Әділбек Ерсұлтанов аймақ мерейін асқақтатқан толағай тұлғалы Мақсат Исағабыловқа ауданның ең жоғары наградасы -  «Құрмет грамотасын» табыстады. Сондай-ақ өңір жұртшылығы атынан игі тілегін арнап, астына ақ боз ат мінгізді. Ал жеке бапкері Болатбек Кенеевке қаржылай сыйақы табыс етті.  width= Өз кезегінде «Қазақстан барысы» додасының жеңімпазы Мақсат Исағабылов бозкілемдегі белдесу кезінде тілеулес болған барша аудан жұртшылығына алғысын білдіріп, алдағы жарыстарда да топ жаруға ниетті екенін жеткізді.

Ербақыт Жалғасбаев

Қызылорда облысы